2019 жылдың 5 маусымы күні "Жастар" демалыс саябағында Талдықорған қалалық №1,2 емханаларының ұйымдастыруымен "Біздің таңдауымыз денсаулық", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры" тақырыбында кеңауқымды акция болып өтті. Акция барысында емхана мамандары Міндетті әлеуметтіе сақтандыру қоры, емханаға тіркелу, денсаулықты нығайту жолдары бойынша халыққа түсіндіріп, ақпараттық оқу құралдары таратылды. Сонымен қатар, флеш моб қойылып, арқан тартыс ойыны көрсетілді.