Нұрмұхамбетова Светлана Исмағұлқызы – «№ 2 Талдықорған қалалық емханасының» директоры. 1982 Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығымен үздік бітірген. 1983 жылы Алматы қаласының Талдықорған қалалық перзентханасында акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
Өзінің еңбек жолын Талдықорған қалалық перзентханасында ординатор дәрігер болып бастаған. Осы мекемеде 3 жыл жыл еңбек етті. 1989-1990 жылдары туу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 1990 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы қызметін атқарды. 1990-1993 жылдар аралығында қалалалық перзентхананың бас дәрігері қызметінде істеді. 1994-2002 жылдары облыстық перинатальдық орталықта директордың емдеу ісі саласындағы орынбасары қызметіне тағайындалды. 2002 жылдың 11 қарашадан 2016 жылдың 19 шілде аралығында Талдықорған қалалық ауруханасында директор қызметін атқарды. 2016 жылдың 20 шілдеден Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшының бұйрығымен ШЖҚ «№ 2 Талдықорған қалалық емханасы» МКК директоры қызметіне тағайындалды.
2008 жылы Қазақстан Респбликасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды.
2009 жылы Қазақтың Ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышпаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін «Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына – 130 жыл» медалімен марапатталды.
2010 жылы қала әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы әйелдерінің жетістіктерін мойындау Денсаулық сақтау номинациясы бойынша «Ажар» ұлттық премиясымен марапатталды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының рейтингті кәсіпорындар қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес - рейтинг ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Слава Қазақстан» орденімен марапатталды.
2015 жылы Акушер – гинеколог дәрігер мамандығы бойынша біліктілік санатын иеленді.
2016 жылы Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын иеленді.
Осы ұжымда қызмет барысында өзін дұрыс шешім қабылдай білетін ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Өзіне және қол астындағы қызметкерлеріне талап қоя біледі. Кәсіпорынның экономикалық мәселелері жөнінде және материалдық қамтамасыз етудегі жауапты шешімдерді қабілетті шешеді. Өз қызметтік міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Жұмыс бабында өзін тиянақты, өз ісін жақсы білетін маман ретінде көрсете білді. Осы уақытқа дейін өзінің білімінің жоғарғы сапасын көтеріп, халыққа деген дәрігерлік міндетін бұлжытпай орындауда. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы, оның аурухана жұмысшылары арасында үлкен құрметке ие екенін көрсетті.