Емхананың құрылымына мыналар кіреді: әкімшілік блок, жалпы емхана, №1 және №2 жалпы дәрігерлік практика бөлімдері, оңалту және физиотерапия бөлімі, диагностикалық бөлім, фтизиатрия бөлімі, алдын алу бөлімі, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар, клиникалық-диагностикалық зертхана, дәріхана, «Еркін» дәрігерлік амбулаториясы.
Диагностикалық бөлім заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған: компьютерлік томография, рентген аппараты, маммограф, аз дозалы цифрлық флюорограф, УДЗ, эндоскопия. Күндізгі стационар 56 төсекке есептелген.
Директор – Жусипалиева Гульнафис Бериятовна.
Директордың орынбасарлары:
Әбдуәліиев Азат Исатайұлы – медициналық қызметтердің сапасын бақылау және ішкі аудит жөніндегі директордың орынбасары;
Құлдыбай Әсем Бейсембекқызы – халыққа медициналық қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары.
Бас мамандар:
Исафина Бибигуль Турсбековна – педиатрия бойынша бас маман;
Кульжигитова-Байгесенова Гульдария Кыдыраловна – аналық және босандыруды қамтамасыз ету бойынша бас маман.
Бөлім меңгерушілері:
Таужанова Акмарал Ермековна – №1 жалпы дәрігерлік практика бөлімінің меңгерушісі;
Джакеева Дилмира Жалгасхановна – №2 жалпы дәрігерлік практика бөлімінің меңгерушісі;
Қайырбекқызы Айдана – «Еркін» ДА аға дәрігері;
Нюсупова Динара Нурмухамбетовна – диагностикалық бөлімнің меңгерушісі;
Абдрахмановна Арай Қанатовна – «Күндізгі стационар» бөлімінің меңгерушісі;
Жумабекова Фатима – оңалту және физиотерапия бөлімінің меңгерушісі;
Габраил Айгуль Бертаевна – фармация бөлімінің меңгерушісі.