Жиналыста азаматтармен кеден заңнамасын сақталуы және жеке деректерді үшінші тұлғаларға беруге болмайтындығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар Бас көлік прокуратурасының Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жеке куәліктерін бөгде адамдарға беру арқылы Қорғас кеден бекеті арқылы тауарларды заңсыз ресімдеп отырғандығы туралы хатымен таныстырылды. Кеден заңнамасы сақталуы қажеттігі түсіндірілді.